KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тараздағы Көкпар чемпионаты. ШҚО құрамасы үшінші орынға таласады

24.05.2019, 07:32 281

Таразда ту көтерген Ұлттық спорттан ел чепионаты жалғасуда. Бүгін өз топтарынан суырылып шыққан көкпар командалары тартысқа түседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Иә, топтық кезең бойынша ойындар аяқталды. 

 

Естеріңізге қайта саламыз, А тобында – Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы, Түркістан облысының «Құлагер» командасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы және ШҚО құрамасы бар.

 

В тобында – БҚО құрамасы, Атырау облысының «Нарын» командасы, Қызылорда облысының құрамасы және Маңғыстау облысынан келген «Адай ата» командасы сынап жатыр. 

 

С тобында – Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсуде. 

 

D тобында – Ақмола облысының «Жекебатыр», Қарағанды облысының құрамасы мен Павлодар облысынан келген «Сатты» командасы бар.

 

Топтық кезеңдегі ойындарда А тобында «Құлагер» топ жарса, ШҚО құрамасы екінші орынмен шықты. Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы үш, Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы төртінші орында қалды.

 

В тобында Атырау облысының «Нарын» командасы көш бастаса, екінші орынды Қызылорда құрамасы иеленді. Сондай-ақ, осы топтағы үшінші-төртінші орынды Маңғыстау облысы мен БҚО құрамалары иеленді.

 

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы үздік шыққан С тобында СҚО құрамасына екінші орын бұйырды. Ал үшінші-төртінші орындарды Қостанай облысы мен Алматы қаласының командалары өзара бөлісті.

 

D тобында Ақмола облысының «Жекебатыры» алға шығып, СҚО екінші, Қарағанды облысының құрамасы үштікті түйіндеген болатын.

 

Бүгін осы топтық кезеңде бірінші орын алған төрт команда финал үшін талас өткізеді. Ал топтық кезеңде екінші орын алған қалған командалар келесі орындар үшін додаға түсетін болады.

Сонымен бүгін алаңға шығатын командалар:

 

«Құлагер» - «Нарын» (финал үшін тартыс) 9:00-10:00

 

«Әулие ата» - «Жекебатыр» (финал үшін тартыс) 10:00-11:00

 

ШҚО – Қызылорда облысының құрамасы 11:00-12:00

 

СҚО – «Сатты» 12:00-13:00

 

«Амтана» - «Адай ата» 14:00-15:00

 

Қостанай облысы құрамасы – Қарағанды облысы құрамасы 15:00-16:00

 

Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 26 мамыр күні аяқталады. Бүгін финалға жолдама алған командалар сол күні тартысқа түсетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив