KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде есірткі сатушылар құрықталды (видео)

24.05.2019, 06:35 82

ШҚО Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы есірткі сатушы топты құрықтап, героиннің аса ірі көлемді партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

17 мамыр күні Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық гвардиясының 5518 әскери бөлімінің әскерилерімен бірге Өскемендегі Стрелка ауданында 40 жастағы ер адамды құрықтады.

-  Тексеру кезінде автокөліктің салонынан ерекше иісі бар белгісіз ұнтақ салынған пакеттер табылған. Сараптамаға берілген заттың героин екенін анықталады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі

Жалпы алғанда, көлемі 110 грамм болатын есірткі затының заңсыз саудасына жол берілмеген екен. Қазіргі таңда қылмыстық топтың барлық қатысушылары құрықталып отыр. Олар облыс орталығының 34-43 жастағы төрт тұрғыны екен. Әр күдіктіден есірткі заттарымен қатар, заңсыз есірткі саудасынан түскен 700 мың теңгеден аса ақша табылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив