KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Қазақстанда 5G байланыс желісі енгізіледі

24.05.2019, 06:18 77

Елімізде биыл 5G байланыс енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабрлайды Алтайньюс тілшісі.

Байланыс жылдамдығын арттыру көп саладаның цифрлануына септігін тигізеді. Мысалы, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау және т.б.

Министрліктің мәліметінше, цифрлық даму бойынша Қазақстан 5G Желіні енгізу жобасын жүзеге асыруды бастаған он елдің қатарына кіреді екен. Мұндай жобаларды енгізуді қазір АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония секілді мемлекеттер қолға алған.

Пилоттық жоба 2019 жылдың соңына дейін еліміздегі үш қалада жүзеге асырылатын болды: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы. Одан кейін 5G байланыс желісімен халық саны 50 мың адамнан асатын барлық елді мекендер қамтылмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив