KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда бір жылда 400 мыңға жуық сәби дүниеге келіпті

23.05.2019, 06:27 122

2018 жылы Қазақстанда 397 799 сәби дүниеге келген. Оның 235 014-і қалаларда, ал 162 785-і ауылдық елді мекендерде туған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Дереккөзі таратқан ақпаратқа сәйкес, туғандардың 51,6 пайызы (205 224) ұл, 48,4 пайызыы (192 575) қыз болыпты.

2018 жылы туудың жалпы коэффициенті мың адамға шаққанда 21,77 (2008 жылы – 22,75) баланы құраған.
Өңірлер арасында туудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау облысында (мың тұрғынға шаққанда 29,72 сәби) тіркелген. Сол сияқты Нұр-Сұлтан (27,67) мен Шымкент қалаларында да (27,53) аталмыш көрсеткіш жоғары екенін айту керек. Ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарына тиесілі.

Айта кетейік, 2018 жылы әйелдердің босану кезіндегі орташа жасы 28,7 жасты құраған (қалаларда – 29,0 жас, ауылдық жерлерде – 28,3 жас).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив