ШҚО-да әскерилер елдің алды болып дауыс берді

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық жеке құрам Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізуге байланысты өтетін референдумда белсенді дауыс беруде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелдінің айтуынша, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша жедел шақырылымдағы сарбаздармен қатар офицерлер мен сержанттар және олардың отбасылары дауыс беруге болатын 6 референдум учаскелері жұмыс істеп тұр екен.
- Сарбаздар 18-19 жас аралығында болғандықтан, еліміздегі дауыс беру саяси науқанына тұңғыш рет қатысуда, - дейді Бағдат Амангелді.
Дәл осы күні Семейдегі 5511 әскери бөлімі және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдеріне келетін жас шақырылымдағы сарбаздарға да әскери бөлім аумағындағы орналасқан референдум учаскелерінде дауыс беретін болады.
Сонымен қатар оқыңыз