KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

1 шілдеден бастап полицейлердің еңбекақысы 65%-ға өседі

22.05.2019, 03:38 205

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы бірінші шілдеден бастап едәуір өседі. Кейбір қызметкерлер 300 мың теңгеге дейін алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді. Оның айтуынша, 2021 жылға дейін еліміздің құқық қорғау жүйесін ауқымды түрде реформалау жоспарланған және жалақыны көтеру – аталмыш реформа тармақтарының бірі.

 

– Біз патрульдік полиция қызметкерлерінің еңбекақысын 65%-ға, жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға, учаскелік және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың еңбекақысын  20%-ға және оқу орындарының оқытушы құрамы мен басқа да қызметкерлердің жалақысын көтереміз, – деді министрдің орынбасары А.Калайчиди.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив