KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Өскемен әкімі тікелей эфирге шығыңдар деп жатыр

21.05.2019, 04:06 213

Өскемен әкімі Жақсылық Омар бөлім басшыларының әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығуын талап етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 – Тұрғындармен осындай форматта тікелей әңгімелесу ауадай қажет. Қала тұрғындары көптеген сұрақтарға үйден шықпай-ақ, жауап ала алады. Апта сайын тікелей эфир кестесін құрып, әкімдік сайтының бетіне шығару қажет, – деді Жақсылық Омар.

 Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, осы аптада онлайн режимде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы тұрғындар сауалына  жауап береді.

 Айта кетейік, өткен аптада шаһар басшысы екінші рет инстаграм тікелей эфиріне шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив