Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Өскеменде барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды

5.06.2022, 08:19 143 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде сағат 07.00-ден бастап барлық сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталады. Айта кетсек, облыс орталығында 120 учаске жұмыс істеп тұр. Оның 110 учаскесінде қоғамдық бірлестік өкілдері тіркелген.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 08.05.06.jpeg

Қалың жаңбырға қарамастан, өскемендіктер ел тарихындағы елеулі оқиғаға қатысуға асығуда. Өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі.

Елдің алды болып келген дауыс берушілер референдумның учаскелік комиссиясынан сыйлықтар алды.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 07.24.02.jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив