KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ұлан ауданында үй жалдап тұрған 9 баласы бар отбасыға баспана берілді

17.05.2019, 07:43 211

Ұлан ауданы Бозанбай ауылында жалдамалы үйде тұрған көп балалы отбасыға аудан әкімі пәтер кілтін табыстады. Баспана Ұлан ауданында «Аяулы аналарға құрмет пен қамқор» қайырымдылық кешінен жиналған қаражатқа алынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сондай-ақ көпбалалы ана, үлгілі сауыншы Арай Әбдікеноваға да Ұлан аудандық «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Асхат Усмаев Каменка ауылынан үй сыйлады.

- Біз  9 баламызбен қаншама жыл тар пәтерде тұрдық. Небәрі 2 бөлмелі еді. Бізге үлкен үй сатып әперген жандарға алғысым шексіз. Өзім сияқты көпбалалы аналардың барлығына осындай қуаныш тілеймін. Балаларымыз тағатсыздана күткен кең үйдің кілтіне ие болдық. Қолдау көрсеткен барша азаматқа рахмет. Ораза айында жасаған жақсылықтары сауапты болсын, - деді көпбалалы ана Алма Бекетаева.

 Жалпы Ұлан ауданында 950 көп балалы жанұя тіркелген. Оның 459-ы алтын алқа, күміс алқа иегерлері, бүгінгі күні зейнеткерлік жаста, балалары ер жеткен отбасылар болса, 491 жанұяда 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасылар.

491 отбасының 136-ы тұрмыс деңгейі төмен отбасы болып есептеледі. Олардың барлығына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның ішінде 120 жанұяда өздерінің жеке баспаналары жоқ. Олар жалдамалы үйде тұрып жатыр, - деп атап өтті Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. - Облыс басшысы Даниял Кенжетайұлының бастамасымен көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері балабақшаға тегін баруы керек. Біздің ауданда ондай 133 бала бар. Мектеп жасындағы 822 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, мектеп формасы оларға тегін беріледі. Сонымен қатар колледждерде оқуға ниетті балаларға тегін оқу жүйесі қарастырылған.

Көп балалы отбасылар өз кәсібін ашуға ниетті болса, мемлекет ең алдымен соларға қолдау көрсететін болады. Онымен қоса қайтарымсыз гранттар да қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив