KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Биыл ШҚО-да барлық бала жазғы лагерьге барады

17.05.2019, 05:54 226

Ағымдағы жылы облыстағы 176 244 баланы құрайтын 1-10 сынып оқушыларының 99,5 пайызы жазғы каникул кезінде тиімді демалып, жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан барлық 33 582 бала да сауықтыру лагеріне барып, жазғы демалыстарын барынша тиімді өткізбек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге ерекше мән беріледі

Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті мәжілісінде айтылды.

Жылдағы дәстүр бойынша 20 жетім бала шақырушы жақтың есебінен Италияда демалып қайтатын болады. Сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 бала «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру орталығында жазғы демалысын мәнді өткізеді. Атап өтерлігі, биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қалалар мен аудандар бюджетінен 232 млн. теңге қарастырылып отыр.

– Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларды да демалыспен қамту бойынша шаруалар жүргізілуде. Өңірдегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 15 мың баланың 13 500-і демалыспен және сауықтырумен қамтылатын болмақ. Үстіміздегі жылы облыс аумағында барлығы 990 сауықтыру лагері жұмыс істемек. Оның ішінде 475 мектеп жанындағы, 35 қала сыртындағы лагерьлер, 412 бейіндік алаңдар, 68 шатырлы, киіз үйлі еңбек және демалыс лагерьлері бар, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Мәселен, Катонқарағай ауданындағы «Арайлы Шығыс» лагері жазғы мезгілде 450 мектеп оқушысын қабылдауды жоспарлап отыр. Мұнда демалыспен бірге ашық аспан астындағы «Берел қорғаны», жартастарға салынған «Петроглифтер», мемлекеттік ұлттық парк, Оралхан Бөкей мұражайы маршруттары бойынша іздеу-зерттеу жұмыстары және экскурсиялық қызмет қоса жүргізілмек. Ал Бесқарағай ауданындағы «Елім-ай» демалыс базасында биыл 1470 бала демалады, оның ішінде 600 бала - Шемонайха, Абай, Тарбағатай аудандарындағы және Курчатов қаласындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушылары. Биылғы 1 маусымға қарай аталған лагерьдің жобалық қуаты қосымша салынып жатқан корпустың есебінен 90 орынға көбейіп, барлығы 210 орынды құрайтын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив