KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ұлан ауданында 51 жанұяның өтініші мақұлданылмай қалды

12.05.2019, 05:12 84

Ұлан ауданында 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оған аудан тұрғындары да дән риза, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, күні бүгінге дейін аудан көлемінде 126 отбасы мемлекет тарапынан көмек алу үшін құжат тапсырған. Алайда, олардың 51-інің өтініші мақұлданбаған. Себебі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың өзіндік есеп-қисабы бар.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап аз қамтылған отбасылар үшін қолданыстағы әлеуметтік төлемдердің барлығын өзіне біріктіретін бірыңғай жәрдемақы жүйесі енгізілді. Соған сәйкес әр отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс минимумынан төмен болса, онда олардың табысына және өзге де жәрдемақы, гранттарына қарамастан қаржылай төлемді отбасының барлық мүшесі алатынын атап өткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив