KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемендік полиция қызметкерлері ардагер әріптестеріне құрмет көрсетті

10.05.2019, 03:26 200

Өскемендік полиция қызметкерлері ардагер әріптестеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талай жылын құқық қорғау саласына арнаған қариялармен жүздескен жастар олармен бірге қала шетіндегі этносаябаққа экскурсия жасады. Қарттар сол жерде орналасқан бірнеше әскери техника үлгілерін тамашалады. Тіпті окоп бойымен де жүріп шықты. Сонымен қатар жергілікті өнерпаздар мейрам иелеріне ән мен жырларын арнап, көңілдерін бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ солдат ботқасы әзірленді. Айта кету керек, бүгінде облыста полиция қызметі саласында 5500-ден астам зейнеткер бар. Оның екеуі Ұлы отан соғысының ардагері болса, 40-тан астамы тыл ардагері.

Ағыбай Кешілбаев, полиция ардагері:

- Бізге әр уақытта көңі бөліп, бізбен араласып, біз де жастарға көңіл бөліп, әңгімелесіп, ақылымызды айтып жүреміз. Қазақстан халқына, Өскемен халқына зор денсаулық пен бақыт тілемін. Аспанымыз ашық болсын.

Осы категория бойынша: « «Батырларға тағзым» акциясы биыл Ақтөбеде жаңа форматта өтті Қызылордалық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 202 мың теңгеден сыйақы берілді »

,

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив