KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақ тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7.05.2019, 03:41 301

ШҚО әкімі Отан қорғаушылар күніне орай аймақ жұртшылығына лебізін білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

- Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – Қарулы Күштердің даңқы мен айбынын арттырып, еңбек сіңірген ардагерлердің ерлігін паш етіп, Қазақстан Республикасы жауынгерлері ұрпақтарының тығыз байланысын бейнелейді. Біздің жас қырандарымыз әскер қатарында өз қызметін абыроймен атқарып жүр. Тәуелсіздік алған сәттен бастап олар еліміздегі бейбітшілікті қорғап келеді. Бұл сөзсіз ерекше маңызды және құрметке лайық іс. Олардың рухы, батылдығы, ұйымшылдығы мен борышына адалдығы – нағыз ерлік пен патриотизмнің үлгісі.

 

Барлық Отан қорғаушылардың елге деген адалдығын бейбіт аспан астында дәлелдеуін тілеймін. Денсаулық, қайтпас қайсарлық, кәсіби біліктілік пен бақыт тілеймін! - деді аймақ басшысы Д.Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив