KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

FlyArystan әуе компаниясы ең бірінші рейсін орындады

1.05.2019, 06:21 178

Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы ең бірінші рейсін орындады. Бүгін компания ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Жаңа ғана Нұр-Сұлтан қаласына FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді, - деп жазды Азаматтық авиация комитеті Телеграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы 1 мамырдан бастап әуе қатынасын орындай бастайтынын жазған болатынбыз. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив