KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-ға денсаулық пойызы келеді

30.04.2019, 19:37 182

«Денсаулық» пойызы аймақтағы темір жол станцияларын аралайды. Шалғайда жатқан аудандардың тұрғындарына түрлі дәрігер мамандар көмек көрсететін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызы жолға шықты. Ол 21 желтоқсанға дейін ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақмола, БҚО, Қарағанды және СҚО аймақтарындағы шалғай жатқан темір жол станцияларын аралайды, - деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Атап айтқанда, станция тұрғындары терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, отоларинголог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог кеңес алумен қатар түрлі медициналық зерттеулер мен диагностикалардан өтеді (УЗИ, қан талдауы, флюорография және т.б.). Сондай-ақ, дәрігерлермен бірге медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері де келіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы сауалдарға жауап береді.

ШҚО-ға пойыз мамыр айының соңында келеді:

24 мамыр – Жарма станциясы;

25 мамыр – Жаңғызтөбе;

26 мамыр – Предгорное;

27 мамыр – Тишинская;

28 мамыр – Черемшанка;

29 мамыр – Огневка;

30 мамыр – Алтай;

31 мамыр – Тұрғысын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив