KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақ тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады

28.04.2019, 04:02 181

ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақ тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Барша шығысқазақстандықтарды Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ең жоғарғы рухани құндылықтардың жарқын бейнесі. Миллиондаған адамдарды біріктіріп, жүрекке махаббат пен қуаныш ұялатады. Қайырымды істерге жетелейді.  

 

Бүгінгі күні еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстанда түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

 

Көктемнің осы бір шуақты мерекесінде облыстың барша тұрғындарына тек жақсылық және бақыт тілеймін! Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын! Бейбіт аспан астында өркендеп, өсе берейік! - деп лебіз білдірді аймақ басшысы Д.Ахметов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив