KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Forbes Головкинге Санчесті алмастыра алатын үш бапкерді ұсынды

28.04.2019, 03:21 140

Танымал Forbes журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы ретінде Абель Санчесті ауыстыра алатын үш үміткердің тізімін жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Головкин 25 сәуірде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келген бапкерімен келісімшартты тоқтатынын жариялады.

 

– Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Абельге бокста үйреткен сабақтары үшін алғыс айтқым келеді, – деп жазды Головкин.

 

GGG мен оның командасы Санчестің орнына кім келетінін әзірге айтқан жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Калифорния штаты Санта-Моникадағы өз үйіне таяу жерде жаттығуды қалайтынын жеткізген. 

 

Осы ақпаратты негізге ала отырып, беделді басылым Санчесті ауыстыра алатын бірнеше кандидатты ұсынды.

 

Forbes пікірінше, Головкиннің жаңа бапкері болуға үміткерлер:

 

Вирджил Хантер

 

Хантердің жаттығу залы Санта-Моникада, Головкиннің үйінен бес сағаттық жерде орналасқан. Бұл, әрине, аса ыңғайлы емес. Дегенмен, Хантердің спортшыларға қорғаныс тактикасына шоғырландыру қабілеті және джебтің қойылымы Головкин үшін тартымды болуы мүмкін. Сондай-ақ, Хантер жекпе-жекке сәтті жоспарлар жасауға, сондай-ақ шайқасты бақылауда ұстауға қабілетті.

 

Фредди Роуч

 

Роучтың жаттығу залы Санта-Моникадан 40 минуттық жерде. Сондықтан да оның есімі тізімге кіре алады. Роуч – агрессив жаттықтырушы. Көптеген мамандар Альвареспен үшінші жекпе-жекте Головкин үшін дәл осы Фредди Роуч қажет деп санайды. Роуч аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Паккьяоны ұзақ жылдар бойы жаттықтырған. Жақында Мэнни мен Роуч қайта қосылып, жұмыс істей бастады. 

 

Бади МакГирт

 

Головкин үшін ең жақсы нұсқа. МакГирт өзін жаттықтырушы ретінде көрсете білді, соның ішінде шығысеуропалық боксшыларды дайындауда өзінің тиімділігін көрсетті. Ол жартылай орта салмақта ресейлік жасөспірім Сергей Липинцпен жұмыс істеді және жақында Сергей Ковалевке Элайдер Альвареспен болған реваншата жеңуге көмектесті. Сонымен қатар, Макгирттің жаттығу залы Санта-Моникаға 40 минуттық жерде орналасқан.

 

– Географиялық және мәдени өзара байланыс тұрғысынан алғанда, МакГирт Головкин үшін ең ақылға қонымды нұсқа болуы мүмкін, – деп жазады басылым.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив