KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Президентке «Қарағайлы» тұрғын ауданының жобасы таныстырылды

26.04.2019, 10:21 98

Қасым-Жомарт Тоқаев Семейдегі «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Мемлекет басшысына нысанның құрылыс барысы таныстырылып, кешеннің алдағы жұмыс бағыты жөнінде баяндалды.

 Жалпы, «Абай Арена» мәдени-спорт кешені облыс бюджеті есебінен бой көтеруде. Нысанның жалпы аумағы – 33,8 мың шаршы метр. Кешен осы жылдың соңында пайдалануға беріледі.

 Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Президентіне «Қарағайлы» тұрғын ауданының жобасы таныстырылды. 25,4 мың адамға арналған тұрғын ауданның аумағы – 787,7 мың шаршы метр. Биыл 13 үй пайдалануға беріліп, 800-ден астам отбасы баспаналы болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив