Өскемен
-25°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Көкпектіде халықаралық ән байқауы өтеді – ШҚО

2.10.2022, 16:14 4 0 Оразай Жеңісұлы

Көкпекті ауданында халықаралық «Толағай таланттары» фестивалі өтеді

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін фестивальға 16 жастан асқан эстрадалық ән орындаушылар қатыса алады

Фестивальдің басты шарты - қатысушылар міндетті түрде қазақ тілінде Абай облысына қатысты әндерді орындауы керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Толағай таланттары" фестивалі эстрадалық ән орындау түрінде өтеді. Деңгейі жоғары конкурстық әндерден сайыскердің таңдауы бойынша 1 ән орындалады. Қатысушылар міндетті түрде қазақ тіліндегі әндерді орындайды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта. - Орындалатын ән мазмұны Абай облысының тарихы мен табиғатына қатысты болуы міндетті және Көкпекті ауданына басымдық беріледі. 16 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады.

Қатысушылар фестивальдің ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 1 қарашасына дейін kulturakokpekty@mail.ru электрондық поштасына өздері туралы толық мәліметті және орындайтын әннің фонограммасын жолдауы қажет.

Ал 12 қараша күні үміткерлер Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жанды дауыста өнер көрсетеді.

Қосымша ақпарат үшін: 87714393211, 87713553063, 87054963667.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив