KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО: ұлттық жобаның ұтымды тұсы көп

2.10.2022, 12:28 220

Шығыс Қазақстанда субсидиялау және кепілдендіру бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы табысты іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары айтты.

– Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыруға 2022 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден 3,8 млрд теңге бөлінді. 2022 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында ұлттық жобаға қатысу үшін 14 134 адам өтініш білдірді, оның ішінде 12 480 адам бағдарламаға қатысты. Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамту бойынша 12 696 көмек көрсетілсе, 8 334 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5400 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайрғазинов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив