KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Облыс әкімі химия өнеркәсібі қызметкерлерін құттықтады

31.05.2022, 10:21 244

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов химия өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекесібен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бүгін химия өнеркәсібі қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Бұл адамдар өз тағдырларын көптеген отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін еліміздің ең заманауи, күрделі және маңызды салаларының бірімен байланыстырды. Біздің химия өнеркәсібі өнімдерінің жоғары сапасы, оның экспортқа қажеттілігі және бүкіл химия кешенінің қарқынды дамуы - осының бәрінің артында жұмысшылардың күнделікті жанқиярлық еңбегі тұр. Бүгінгі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив