KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да көлік қатынасын субсидиялау көлемі 40%-ға артты

2.10.2022, 12:19 272

Шығыс Қазақстанда жыл сайын облыстық бюджеттен халыққа тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар қатынастарды қаржыландыруға қаражат бөлінеді. Мәселен, биыл өңірдің автобус қатынастарына 1662,1 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артық.

Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолаушылар көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Айжан Рахимбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Облыста 76 қалалық, 32 қалааралық облысішілік, 39 ауданішілік бағыттардан тұратын әлеуметтік маңызы бар бағыттардың тізбесі бекітілді. Ағымдағы жылы олардың жұмыс істеуіне 1 662,1 миллион теңге бөлінді, оның ішінде қалалық 1 604 миллион теңге, аудандық 58,1 миллион теңге. Өткен жылмен салыстырғанда субсидиялау көлемі 40%-ға артты, - деді Айжан Рахымбаева.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылы теміржол қатынастарын субсидиялау үшін 612,3 миллион теңге бөлінгенін, ал келесі жылы 430,2 миллион теңге бөлу жоспарланғанын айтты.

Әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынастарының тізбесіне «Өскемен-1-Алтай», «Өскемен-1 – Риддер», «Өскемен-1 – Жалаңашкөл – Достық», «Семей – Жалаңашкөл – Достық» маршруттары енгізілді. «Ағымдағы жылы әуе қатынасы үшін 284 миллион теңге бөлінді. Барлығы 8 айда әуе көлігімен 5,7 мың жолаушы тасымалданды, 150 рейс орындалды. Келесі жылы 174 миллион теңге бөлу жоспарлануда, - деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар Өскемен, Алтай және Зайсан қалаларында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тегін жол жүруіне 140,5 миллион теңге бөлінгенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив