KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Референдум –Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы баспалдағы

30.05.2022, 18:01 218

Шығыс Қазақстан облысына Конституцияға енгізілетін өзгерістермен түзетулерді  халықпен кездесіп азаматтарға жан-жақты  түсіндіру мақсатында арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық партиялық штабтың мүше лері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатары  Жанат Омарбекова және Ирина Унжакова Өскемен қаласындағы  Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездеті.
- Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту.  Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Егер еліміздің өзгергенін Мемлекет басшысы айтқан «Әділетті Қазақстанның» құрылғанын қаласақ, 5  масымдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуымыз керек,- деді «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық партиялық штабтың мүшесі Жанат Омарбекова.
 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. 
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі тек Қазақстанда емес, көрші елдерде де болып отыратын саяси процесс (Ресей Федерациясы – 2020 жыл, Қырғызстан – 2021 жыл, Беларус Республикасы – 2022 жыл). Себебі уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп отырады.
- Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Біз азаматтармен кездесіп Конституцияға енгізілетін өзгерістермен толықтыруларды  жан-жақты түсіндіріп айтып, туындаған сұрақтарына жауап берген кезде адамдардың референдуға деген көзқарасы өзгеріп, қолдайтындықтарын айтып жатады. Менің ойымша кез –келген ақпаратты халыққа түсінікті тілде дұрыстап жеткізу маңызды,- дейді «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық партиялық штабтың мүшесі Ирина Унжакова.
Кездесуге қатысқан кітапхана қызметкерлері Республикалық штабтың мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерінде білдірді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив