KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды

2.10.2022, 11:58 113

Назарбаев даңғылында орналасқан төрт қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғын үйден 53 адам, соның ішінде 15 бала эвакуацияланды.

Төтенше қызмет өкілдері жертөледегі электр қалқанында өрт тұтанғанын анықтады.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Олар үйдің 53 тұрғынын, оның ішінде 15 баланы жедел эвакуациялап, «Вахта» жылы автокөлігіне орналастырды. Көп ұзамай 2 шаршы метр аумақтағы қызыл жалын ауыздықталды. Арнайы құрылғы - түтін сорғыштың көмегімен жертөледен түтін сорылып, шығарылды», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив