Өскемен
+21°
ясно ветер 1 м/с, ЮВ
447.71 478.69 5.51

Елімізде қант тапшылығы жоқ - Ауыл шаруашылығы министрлігі

28.05.2022, 20:03 70 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда қант өнімінің қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Тұрақтандыру қорларындағы, сауда объектілеріндегі, республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан басқа, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна қамыс шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна шикі қант бар.

Қант зауыттарында өнім өндірісі үздіксіз жүзеге асырылады. Сонымен қатар, "Азық-түлік корпорациясы "ҰК" АҚ-ның ішкі нарығына қант жеткізіледі.


- Бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге жөнелту, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді іске асыруда. Ағымдағы жылдың мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам қант жөнелтілді, маусым айында 44,8 мың тонна қант жоспарланған, - деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Өнімді өңірлерге жедел жеткізу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен жүктерді (ақ қант, шикі құрақ қант) кедергісіз өткізу мәселесін пысықтауда.

70
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив