Өскемен
-4°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

ШҚО әкімі: "Облыс экономикасына инвестиция тарту бойынша мақсатқа қол жеткізілді"

28.05.2022, 14:02 32 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан экономикасына қаржы құйылу артып келеді. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 817 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы жақында облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен өткен кездесуде айтты.


- Өңір экономикасына инвестициялар ағынын ынталандыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізілді. Негізгі капиталға салынған қаржы инвестицияларының көлемі 107,3% өсіммен 817,5 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде қаражаттың 13% – ы өңдеу өнеркәсібіне салынды - бұл 107 миллиард теңгеден астам. Ауыл шаруашылығына 71 миллиард теңге инвестицияланды. 

Агроөнеркәсіпте екі жарым миллиард теңгеден астам сомаға бес ірі жоба іске асырылды, - деді Даниал Ахметов.


Сонымен қатар, ол "Бизнестің жол картасы – 2025" бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту міндеттерін шешу үшін 5,6 миллиард субсидия төленгенін айтты. 17 миллиард теңгеден астам қарызға кепілдік, "Еңбек" бағдарламасы бойынша моноқалалар мен ауылдарда бизнесті дамытуға 1,3 миллиард теңге берілді.

 

3839c083fefade088c75046eb61b821a.jpg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив