KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
448.81 476.82 4.77

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

26.05.2022, 15:32 174

Өскемен әкімі Жақсылық Омар балалар алаңы мен аула ішіндегі жолдардың құрылысын тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Мызы көшесі, 5/1 және Гагарин бульварі 10, 12 мекенжайында орналасқан тұрғын үйлердің ауласына балалар алаңы салынып жатыр. Аула ішіндегі тротуарлар да жөнделеді. Мұндағы мердігер – «МеталлургСтройСервис» ЖШС.

– Негізі «Менің аулам» бағдарламасы әлі басталған жоқ. Конкурстың аяқталмауына байланысты, кешеуілдеп жатыр. Дегенмен балалар алаңын жасақтауды бастап кеттік. Жалпы 12 аула жөнделеді, – деді қала әкімі.

d469ddcd-dfca-4dea-ba3b-bd992455fe49.jpg

Шаһар басшысы Қабанбай батыр көшесіндегі (Протозанов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін) және Крылов көшесіндегі (Протозанов көшесінен Әуезов көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жолдарды «Ka-Grupo» ЖШС жөндеп жатыр.

Жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірнешеуінің құрылысы аяқталып та қойды. Асфальттің стандартқа сай төселгенін анықтау үшін біз арнайы зертхана мамандарын жалдадық – дейді Жақсылық Омар.

c2fc0e62-9da7-4907-bd56-4cf9431f1829.jpg

Әкімнің айтуынша, қаладағы негізгі проблеманың бірі – аула ішіндегі жолдардың сапасы. Металлургтер көшесіндегі 23 және 25-ші үйлердің ауласына тоқтаған қала басшысы жөндеу жұмыстардың барасын бақылады. Мұндағы жұмыстарға – «Ремдор» ЖШС жауапты.

– Аула ішіндегі жолдар шұрық-тесік. Сондықтан осы жұмысты мықтап қолға алдық. Өткен жылы 120 миллион теңге бөлген едік, биыл да жүз миллионға таяу қаражат бөлінді. Мердігердің жұмысы әзірше көңілден шығады. Егер жөндеу ойдағыдай әрі ерте аяқталса, өзге де аулаларды жөндеу үшін қосымша қаражат қарастыруға дайынбыз, – дейді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив