Өскемен
-12°
пасмурно ветер 0,2 м/с, Ю
455.65 489.96 6.36

Сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты

20.05.2022, 15:30 49 0 Оразай Жеңісұлы

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 12 мамырдағы заңға сәйкес осы жылдың сәуір айынан бастап зейнетақы мөлшері 4 пайызға, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш пен базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері артты.

– 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге, ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге мөлшерінде бекітіліп отыр. Осыған орай, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 4 пайызға және айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылды, – дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің басшысы Серік Саятов.

Жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен, яғни 146 280 теңгеден аспауы тиіс.

Осы жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 4-ші бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленеді.

 

Сәуір мен мамырдың қосымшаақысы маусымда төленеді

 

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері елімізде ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап көтерілді. Ескеретін жайт, өтіп кеткен екі айдың қосылған ақылары маусым айының төлемдеріне қосылып төленеді. Осы ретте, шілде айында зейнетақы мен жәрдемақыларды алған кезде «Өткен айдан неге аз?» деген сұрақ туындамас үшін, департамент мамандары бәрін тәптіштеп түсіндіріп берді.

Мысалы, егер толық көлемде еңбек өтілі бар зейнеткердің жасына байланысты зейнетақысының мөлшері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 000 теңгені құраса, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға арттыруды ескере отырып, 72 800 теңгені құрайды (70 000 теңге*4% – 2 800 теңгеге ұлғаяды).

Сәуір айы үшін 2 800 теңге қосымшаақы және мамыр айы үшін 2 800 теңге қосымшаақы қосылған күйі 5 600 теңге сомасында маусым айында төленетін болады, осылайша зейнеткердің жеке шотына 78 400 теңге мөлшерінде төлем түседі (72 800 теңге – жасына байланысты зейнетақының жоғарылатылған мөлшері + 5 600 – сәуір және мамыр айлары үшін қосымшаақы).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 28 жыл деп алсақ, 2022 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 32 417 теңгені құраған болатын (бұл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 90 пайызы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 36 018 теңгені құраған), 2022 жылғы 1 сәуірден бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 33 651 теңгені құрайды (ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 37 389 теңге*90% = 33 651 теңге, ұлғаю –      1 234 теңгеге).

Сәуір айы үшін 1 234 теңге қосымшаақы және мамыр айы үшін 1 234 теңге қосымшаақы қосылған күйі 2 468 теңге сомасында маусым айында төленетін болады, осылайша зейнеткердің жеке шотына 36 119 теңге мөлшерінде төлем түседі (33 651 теңге – базалық зейнетақы төлемінің жоғарылатылған мөлшері + 2 468 теңге – сәуір және мамыр айлары үшін қосымшаақы).

Сонда, мысалда көрсетілген алушыға 2022 жылдың маусым айында жеке шотына 114 519 теңге мөлшерінде төлем түседі, яғни маусым айының төлемдеріне қоса сәуір және мамыр айларының қосымшаақылары бірге түседі.

Ал 2022 жылдың шілде айынан бастап төлем «нақты арттырылған мөлшерде»106 451 теңге сомасында жүргізілетін болады (72 800 теңге – жасына байланысты зейнетақы + 33 651 теңге – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі).

 

1 сәуірден бастап белгіленген еңбек өтіліне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

 

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі

Ең төменгі күнкөріс деңгейіне пайыздық қатынасы

1 сәуірден бастап белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (теңге)

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері (теңге)

10 жыл және одан төмен

54%

37389

20191

11 жыл

56%

37389

20938

12 жыл

58%

37389

21686

13 жыл

60%

37389

22434

14 жыл

62%

37389

23182

15 жыл

64%

37389

23929

16 жыл

66%

37389

24677

17 жыл

68%

37389

25425

18 жыл

70%

37389

26173

19 жыл

72%

37389

26921

20 жыл

74%

37389

27668

21 жыл

76%

37389

28416

22 жыл

78%

37389

29164

23 жыл

80%

37389

29912

24 жыл

82%

37389

30659

25 жыл

84%

37389

31407

26 жыл

86%

37389

32155

27 жыл

88%

37389

32903

28 жыл

90%

37389

33651

29 жыл

92%

37389

34398

30 жыл

94%

37389

35146

31 жыл

96%

37389

35894

32 жыл

98%

37389

36642

33 жыл және одан көп

100%

37389

37389


Жәрдемақы мөлшері қалай өседі?

Айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты түрлі жәрдемақылар мен өтемақылардың да мөлшері артып отыр.

Таратып жазар болсақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының, 1-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын отбасыларға не адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне сай ұлғайды.

Ал, №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу формасы бойынша білім алатын балалар, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға және ақталған жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты осы жылғы 1 сәуірден бастап көбейіп отыр.

568 мың адамның төлемдері көбейеді

Осылайша, облыс бойынша 568,4 мың тұрғынның зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдері артып отыр. Тағы бір қайталап айтарымыз, зейнетақылар мен жәрдемақылар алдағы маусым айында көбейтілген мөлшерде және сәуір мен мамыр айларының қосымшаақысымен бірге төленетін болады.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап артуына қатысты барлық сұрақтар бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады. Мекеме мекенжайы: Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32 үй, жұмыс уақыты – дүйсенбі-жұма арылығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 18.30-ға дейін.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдеріне жүгінулеріңізге де болады. Жұмыс уақыты – дүйсенбі-жұма аралығындасағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

.


Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің мекенжайлары

1

Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 159/4

2

Семейқаласы, Ұранхаев к-сі, 57

3

Аягөз ауданы, Аягөз қ., Абай бульвары, 47А

4

Абай ауданы, Қарауыл а., Абай к-сі, 41

5

Бородулиха ауданы, Бородулиха а, Середин к-сі, 1

6

Жарма ауданы, Қалбатау а., Әлімбетов к-сі, 38А

7

Глубокое ауданы, Глубокое к., Пирогов к-сі, 6

8

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай а., Сейфуллин к-сі, 130

9

Зайсан ауданы, Зайсан қ., Манапов к-сі, 22

10

Алтай ауданы, Алтай қ., Первомайская к-сі, 23

11

Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын а., Маяковский к-сі, 32

12

Күршім ауданы, Күршім а., Малдыбаев к-сі, 2

13

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 4

14

Көкпекті ауданы, Көкпекті а., Әбішев к-сі, 18

15

Риддер қаласы, Қонаев к-сі, 40

16

Тарбағатай ауданы, Ақсуат а., Қабеков к-сі, 20

17

Ұлан ауданы, Қайсенов к., Ахметов к-сі, 5/1

18

Үржар ауданы, Үржар а., Қабанбай к-сі, 66

19

Шемонайха ауданы, Шемонайха қ, Вокзальная к-сі, 218А

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив