KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

"AMANAT" партиясы ШҚО филиалында Партияның саяси тұғырнамасы талқыланды

1.10.2022, 10:36 145

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалында түрлі саланың өкілдері Партияның саяси тұғырнамасын талқылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Партияның саяси тұғырнамасы бүгінгі қоғамның сұранысына нақты жауап беретін бірден бір құжат. «AMANAT» партиясы халықтың үніне құлақ асатын нақты істер партиясы. Біз платфорамны әр түрлі сала өкілдерімен бірлесе талқылап, азаматтардың өтініш тілектерін жинақтайтын боламыз, – деді «AMANAT» ШҚО филиалының атқарушы хатшысы Сайрангул Жумадилова.

«AMANAT» партиясы Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Жаңа Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге, халық болып, ұлт болып ұйысуға шақырды.

– Тұғырнаманың үшінші бөлімінде ауылды қолдауға байланысты нақты жазылыпты. Бұл өте дұрыс шешім деп санаймын. Себебі біздің шекаралық аймақтардағы ауылдарымыздың жағдайын оңалту қажет. Ондағы жастарға қолдау көрсеткен жөн, – деп атап өтті жиынға қатысқан Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев.

Саяси тұғырнаманы талқылауға, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, денсаулық сақтау саласының мамандары және жастар қатысқанын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив