Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері үш есеге артады

30.09.2022, 15:10 2 0 Мадина Амангелдіқызы

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясының азаматтық авиация саласындағы билік өкілдері өзара келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Корольдіктің Азаматтық авиация Бас басқармасының президенті Абдулазиз бен Абдуллах әл-Дуайлеж мемлекеттер арасындағы ынтымақтасты дамытудың басты мәселелерін назарға алды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тікелей әуе қатынасын орнатудың тетіктерін талқылады.

Сондай-ақ, елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығына да назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша арнайы құжатқа қол қойылды. Оған сәйкес, екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 4-тен 14 рейске дейін, яғни 3 есеге дейін ұлғаймақ.

Қазақстан тарапы 2022-2023 жылдардағы күзгі және қысқы навигациялық маусымда бірқатар отандық әуе компаниялары тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «Air Astana» Алматы – Медина бағытында, «Fly Arystan» Ақтау – Медина бағыттарында аптасына жиілігі 2 реттен тұрақты рейстер орындамақ. Сондай-ақ отандық SCAT компаниясы да аптасында 2 рет Алматы –Джидда бағытында әуе тасымалын ұйымдастырмақ.

Ал саударабиялық Fly Nas әуе тасымалдаушысы Джидда – Алматы бағытында тұрақты рейс ашуды жоспарлауда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив