ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Қанша қазақстандық пәтерін заңды түрде жалға беріп отыр

30.09.2022, 11:05 1 0 Мадина Амангелдіқызы
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пәтерді ресми түрде қалай жалға беру керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, баспананы жалға берудің бірнеше жолы бар. Біріншісі – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу.
 "Бүгінде мұндай жеке кәсіпкерлердің саны елімізде 84 мыңнан асады. Олар жеңілдетілген декларация мен патент арқылы жалға беріп отыр", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 Екінші режим – бірыңғай жиынтық төлем арқылы.

 "Бұл жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Жалғыз талап – есептік ай басталғанға дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу керек. Егер ол пәтерді облыс орталығында немесе ірі қалаларда жалға берсе – 1 АЕК, аудандық деңгейде болса, 0,5 АЕК төлейді. Бүгінде мұндай режимді қолданатындар саны 120 мың адамнан асады", - деді вице-министр.

 Біржанов баспананы жалға берудің тағы бір опциясы туралы айтты.

 "Жеке тұлғалар, мейлі ол әскери қызметші, мемлекеттік қызметші болсын, табысы мүліктік табысқа теңестірілген кезде, ол бұл табысты жыл аяқталған соң көрсетіп, аренда сомасының 10%-ін төлей алады. Мәселен, ол бір жыл бойы пәтерін 2 млн теңгеге жалға берсе, онда декларацияда осы соманы көрсетіп, 200 мың теңге төлейді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай адамдар саны 2 мыңға жуықтайды", - деді ол.

 Вице-министр қазір елге шетелдіктердің келуіне байланысты ішкі істер министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
 "ІІМ Қазақстанға келгендер бойынша бүкіл мәліметті алады: кім келді, қандай пәтерге, бұл пәтердің иесі кім, аренда сомасы қанша. Біз бұл деректерді өңірлік деңгейде аламыз, сосын облыстардағы мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырамыз. Олар ақпаратты пысықтап, одан әрі камералдық бақылау аясында азаматтарға "табыс алғаны немесе алып жатқаны, оны декларациялап, салық төлеуге тиіс екенін" көрсетіп хабарлама жібереді", - деп түсіндірді шенеунік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды