Өскемен
-11°
пасмурно ветер 0,1 м/с, З
455.65 489.96 6.36

Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша әдістемелік құрал

11.05.2022, 17:15 209 0 Оразай Жеңісұлы

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

 

I.             Жалпы мәліметтер

 

2022 жылғы 16 наурызда Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жариялады.

Жолдау аясында жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағыты белгіленді.

1. Президенттің өкілеттігі туралы;

2. Өкілді билік тармағын қайта құру;

3. Сайлау жүйесін жетілдіру;

4. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту;

5. Сайлау үдерісін жаңғырту;

6. Құқық қорғау институттарын күшейту;

7. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту;

8. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру;

9. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру;

10. Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы.

Қоғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған.

Іргелі өзгерістер бес негізгі бағытта жүргізіледі:

біріншіден, саяси жүйені терең демократияландыру бағытында;

екіншіден, суперпрезиденттік басқару формасынан мықты Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу арқылы;

үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос Палатасының қызметін қайта форматтау және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық Сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелілігі мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру;

төртіншіден, сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру;

бесіншіден, мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру.

Реформалар жүйелі, кешенді сипатқа ие. Сөз ҚР Конституциясының 31 бабын түзету және 2 жаңа баппен толықтыру туралы болып отыр

Түзетулерді пысықтау үшін Президент өкімімен белгілі құқықтанушы ғалымдардан, Адам құқықтары жөніндегі уәкілден, Парламент пен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын Жұмыс тобы құрылды.

А.ж. 22 сәуірде ел Президенті Қ. К. Тоқаев заң жобасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобымен қорытынды кездесу өткізіп, Конституциялық Кеңестің қарауына ұсыну үшін Конституцияға түзетулер топтамасын енгізді.

«Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады».

Осылайша, конституциялық реформаның басталғанын білдіретін алғашқы қағидатты қадам жасалды.

Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару формасына көшу мақсатында Екінші республиканың конституциялануы.

«Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші Республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді, азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды».

 

II.         Саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары

 

                   I.                Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту

Мемлекет басшысының өзінің президенттік өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партияларға мүшелігіне тыйым салуды белгілеу. Осылайша, мемлекеттік аппаратты партия құрылымдарымен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұл тыйым Президенттің кезекті съезде Amanat партиясының төрағалығынан бас тарту ниеті туралы мәлімдемесі түрткі болды. Мұндай тыйым Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің және Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелеріне де қатысты болатынын атап өткен жөн.

Бұл жаңалық барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсер етеді және саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал тигізіп, барлық партиялардың бірдей дамуы үшін жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатынын ескере отырып, Мемлекет басшысы Мемлекет басшысының жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерде лауазымдарды, квазимемлекеттік құрылымдарда басшылық лауазымдарды иеленуіне конституциялық деңгейде тыйым салу жөнінде ұсыныс айтты. Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады.

Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын жасақтауға қатысты өкілеттіктері өзгереді. Конституцияда белгіленген қолданыстағы тәртіпке сәйкес Жоғары Сот Кеңесінің құрамын, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің төрағасын Президент өзі тағайындайды. Енді Конституциялық Соттың және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығын Парламент Сенатының депутаттарына беру ұсынылды. Бұл ретте Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастыру заңмен айқындалатын болады.

Мемлекет басшысы Жолдауында Президенттің артық өкілеттіктерін алып тастау және әкімдер мен мәслихаттарға жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау кезінде көбірек дербестік беру арқылы «қолдан басқару» тәжірибесінен бас тарту қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері шығарған актілердің қолданылуын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығын жоюға байланысты өзгерістер жоспарланып отыр. Президенттің мұндай өкілеттіктері жойылады. Бұл реформа жергілікті өкілді және атқарушы органдардың күшеюіне және жалпы, саяси жаңғыртуға ықпал етуі тиіс.

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

43-БАП

43-бап

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

2. Алып тасталды

 

 

43-бап

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

2. Алып тасталды

3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияға мүше болмауы тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын иеленуге құқығы жоқ.

44-БАПТЫҢ 2) ТАРМАҚШАСЫ

44-бап

Қазақстан Республикасының Президенті:

...

2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

44- бап

Қазақстан Республикасының Президенті:

...

2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

...

44-БАПТЫҢ 3) ТАРМАҚШАСЫ

44-бап

 

Қазақстан Республикасының Президенті:

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

44-бап

 

Қазақстан Республикасының Президенті:

Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;

 

 

44-БАПТЫҢ 4) ТАРМАҚШАСЫ

44-бап

 

Қазақстан Республикасының Президенті:

4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;

44-бап

 

Қазақстан Республикасының Президенті:

4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;


 

                    II.            Парламентті Күшейту

Конституцияға енгізілетін түзетулер шеңберінде Парламенттің депутаттық корпусын жасақтау тәртібін, Парламенттің және оның Палаталарының заңдарды қабылдау және басқа да мәселелер жөніндегі құзыретін қайта қарау жүзеге асырылады. Түзетулерде заңдарды Парламент Мәжілісі қабылдайтыны, онда барлық депутаттар саяси бәсекелестік негізінде сайланатыны қарастырылған.

- Заң шығаратын Парламент палатасы қоғамның түрлі топтарының мүддесін білдіреді. Парламент Палаталарының өкілеттіктері, олардың дербестігі кеңейеді;

- Конституцияға енгізілетін түзетулер шеңберінде Парламенттің депутаттық корпусын жасақтау тәртібін, Парламенттің және оның Палаталарының заңдар қабылдау құзыретін және басқа да мәселелерді қайта қарау жүзеге асырылады, мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттарды кері қайтару тетігін енгізу азаматтарға сайлаушылардың сенімін ақтамаған депутаттарды кері қайтарып алуға мүмкіндік береді;

- Есеп комитеті Жоғарғы аудиторлық палатаға айналады. Палата Төрағасы Мәжілісте жылына екі рет өз жұмысы туралы есеп береді. Мәжілістің бақылау функциялары күшейеді;

-                 Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады. Мәжіліс толығымен партиялық тізімдер негізінде аралас сайлау жүйесі бойынша және бір мандатты аумақтық округтер бойынша жасақталады;

-                 конституциялық заңдар Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Қазір барлық заңдар сияқты олар алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта қаралады;

·                 Мемлекет басшысы Парламент Сенатындағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды, олардың бесеуін қазіргі уақыттағыдай Қазақстан халқы Ассамблеясы сайламай, ұсынатын болады. Заңдарды қабылдаудың жаңа рәсімі енгізіледі. Заң жобасы қаралғаннан кейін Мәжіліс заңды қабылдайды немесе заң жобасын қабылдамайды. Сенат не Мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдайды және Президенттің қол қоюына жібереді, не мақұлдамайды және Мәжіліске қайтарады. Бұл жағдайда келісу рәсімдері жүргізіледі. Бұл ретте Мәжілістің өзі бұрын қабылдаған редакцияда заңға қайта дауыс беруге құқығы бар. Бұл жағдайда Сенатқа жолдаусыз заң бірден Президентке қол қоюға жіберіледі;

·     Парламент өз Палаталарының бірлескен отырысында халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Үкімет енгізген заң жобасын дереу қарауға міндетті болады.

Бұл ретте, Парламенттің қарауы кезеңінде Үкімет өзінің жауапкершілігімен заңды күші бар актіні қабылдай алады.

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

50-баптың 2-тармағы

50-бап

2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

 

50-бап

2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын Республика Президенті тағайындайды, оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынатын болады

 

50-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҒЫ

50-бап

3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады

50-бап

3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады

51-БАПТЫҢ 1-ТАРМАҒЫ

51-бап

1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

51-бап

1.    Мәжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

 

52-БАПТЫҢ 5-ТАРМАҒЫ

52-бап

5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Парламент Мәжілісінің депутаты:

1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.

….

52-бап

5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Парламент Мәжілісінің депутаты:

1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзі партиялық тізім негізінде сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

2) конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде;

3) бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалған тәртіппен сайлаушылар кері қайтарған кезде өз мандатынан айырылады.

53-БАБЫНЫҢ 1-1) ЖАҢА ТАРМАҚШАСЫ

53-бап

 

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1-1) болған жоқ;

53-бап

 

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1-1)                  конституциялық заңдарды қабылдайды;

 

 

 

53-БАПТЫҢ 1-2) ЖАҢА ТАРМАҚШАСЫ

53-бап

 

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1-2) болған жоқ;

53-бап

 

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1-2)   Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санынан төрттен үш бөлігінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады деп немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі; 

54-БАПТЫҢ 1-ТАРМАҒЫ

54-бап

1.  Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:

 

54-бап

1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырыстарында заңдарды қабылдайды, оның ішінде:

54-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫНЫҢ 2) ТАРМАҚШАСЫ

54-бап

2. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;

54-бап

2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен Президенттің қарсылығын еңсеретін болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.

 

55-БАПТЫҢ 2) ТАРМАҚШАСЫ

55-бап

 

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

55-бап

 

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

2) Республика Президентінің Конституциялық Сот Төрағасын, Ұлттық Банк Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру;

 

55-БАПТЫҢ 3) ТАРМАҚШАСЫ

55-бап

 

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

55-бап

 

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

57-БАПТЫҢ 1) ТАРМАҚШАСЫ

57-бап

 

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

57-бап

 

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

61-БАПТЫҢ 2 ЖӘНЕ 3 ТАРМАҚТАРЫ

61-бап

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.

3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;

2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

5) республикалық бюджетке;

6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

9) айналадағы ортаны қорғауға;

10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;

11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.

 

61-бап

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.

Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Парламенттің өз Палаталарының бірлескен отырысында дереу қарауына жатады.

3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;

2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

5) республикалық бюджетке;

6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

 9) айналадағы ортаны қорғауға;

10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;

11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.

Парламентке осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді өз жауапкершілігіне алуға құқылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданылады.

 

 

61-БАПТЫҢ 4, 5 ЖӘНЕ 5-1 ТАРМАҚТАРЫ

61-бап

4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.

5. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс нақ сондай көпшілік дауыспен Сенат енгізген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі.

5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.

Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.

Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың  кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

61-бап

4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады.

Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасын жалпы қабылдамауға құқылы. Қабылданбаған заң жобасы қабылданбаған болып есептеледі және бастамашыға қайтарылады.

Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске Заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясын ұсынуға құқылы.

Егер Сенат алпыс күн ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президентке қол қоюға ұсынылады

5.   Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен Заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясымен келіссе, заң Мәжіліс жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынылады.

Егер Мәжіліс Заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына нақ сондай көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

Келісу комиссиясы әзірлеген Заңның редакциясын Мәжіліс пен Сенат осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен қарауға тиіс.

Мәжіліс Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен келісу комиссиясы ұсынған редакцияда заңды қабылдамаған жағдайда Мәжіліс бұрын қабылданған редакцияда заң бойынша қайта дауыс беруді өткізеді.

Егер Мәжіліс қайта дауыс беру кезінде Палаталар депутаттарының жалпы санының үштен екі бөлігінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынылады.

Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын ала алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады

62-БАПТЫҢ 5-ТАРМАҒЫ

62-бап

5. Парламент пен оның Палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

62-бап

5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Сенат мақұлдайды.

Парламент пен оның Палаталарының қаулылары, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

62-БАПТЫҢ 6-ТАРМАҒЫ

62-бап

6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

 

62-бап

6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері, конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті


 

                 III.            Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату

Азаматтардың өз партиясын құруға және ел саясатына қатысуға нақты мүмкіндігі бар. Енді партияны аз күшпен құруға болады.

Мыналар жүзеге асырылады:

- саяси партиялар туралы Заңға саяси партияларды тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізіледі. Атап айтқанда, партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санын үштен бірге, 1000-нан 700 адамға дейін қысқарту; партияларды тіркеу үшін қажетті шекті деңгейді 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету; партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санын үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азайту көзделіп отыр;

· қазіргі кезеңде кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленуде, онда саяси партиялар туралы, жергілікті мемлекеттік басқару туралы, мемлекеттік аудит туралы заңдарға және басқа да бірқатар заңға түзетулер енгізу қарастырылады.

 

              IV.                  Сайлау процесін жаңғырту

Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас (пропорционалды-мажоритарлық) жүйесін енгізу және облыстық мәслихаттардың депутаттарын 50/50 қатынасында сайлау, сондай-ақ, қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу негізгі жаңалық болып табылады. Бұл шара азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысу дәрежесін арттырады.

·                 Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттарды кері қайтару рәсімін енгізе отырып, азаматтардың сайлануына мүмкіндік беру үшін аралас сайлау жүйесіне көшу туралы Конституциялық заң жобасының шеңберінде тиісті түзетулер әзірленуде;

АСК кәсіби негізге көшіру сайлауды сапалы деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бір мандатты округтер бойынша ауылдар, қалалар, аудандар әкімдерінің, мәслихаттар депутаттарының сайлауын және мерзімді қайта сайлауын ескере отырып, сайлау рәсімдерінің саны жылына бірнеше есе артып келеді;

-                 бақылаушылардың қызметін заңнамалық реттеу сайлауды бақылау процесін реттейді;

-                 коммуникациялық технологиялардың дамуына негізделген әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жүргізуге рұқсат беру;

-                 жеке тұлғалардың ықпалына жол бермеу және сайлау процесіне шетелден ықпал етуге жол бермеу қағидатын күшейту мақсатында сайлау қорларына қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу.

 

             V.                      Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары

Түзетулер Мемлекет басшысы мен орталық мемлекеттік органдардың оларға ықпал ету дәрежесін азайта отырып, әкімдер мен мәслихаттардың үлкен саяси және экономикалық дербестігін, олардың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді.

Келесілер қарастырылады:

- Мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру бөлігіндегі өкілеттіктері кеңейтіледі. Мәселен, Президент облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының және республикалық маңызы бар қалалар, елорда мәслихаттары депутаттарының келісімін алу үшін балама негізде әкім лауазымына кемінде екі кандидатураны енгізеді. Бұл облыс әкімдерін тағайындау кезінде мәслихаттар депутаттарының рөлі мен өкілеттіктерін күшейтеді, оларға нақты таңдау құқығын береді.

-                 Өңірлердің дербестігін кеңейту мақсатында «ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке Заң әзірленуде. Бұл жұмысқа өңірлердің өздері де, азаматтық қоғам өкілдері де тартылған. Басты міндет жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту, процестерді бюрократиясыздандыру және олардың қаржылық дербестігін нығайту болып табылады, яғни негізгі тәсілдер жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады;

-                 Мәслихат Төрағасы лауазымын енгізу.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайту. Мәселен, ауылдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі енгізілетін болады.

- Әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партия филиалдарында қызмет атқаруға заңнамалық тыйым салу;

- Әкімдер орынбасарларының санына шектеу қою (үшеуден аспауы керек, ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқсат беріледі).

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

87-БАПТЫҢ 4 ЖӘНЕ 5 ТАРМАҚТАРЫ

87-бап

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өз қалауы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға құқылы.

5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

 

87-бап

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен елорда мәслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды.

Республика Президенті дауыс беру өткізілетін кемінде екі кандидатура ұсынады. Дауыс беруге қатысқан мәслихаттар депутаттарының ең көп дауысын алған кандидат келісім алған болып есептеледі.

Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері Заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сонай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өз қалауы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда әкімдерін қызметінен босатуға құқылы.

 

5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің алдына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда әкіміне қатысты не жоғары тұрған әкімнің алдына өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне қатысты мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

 


 

                      VI.          Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау

Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау шеңберінде өлім жазасы біржола жойылады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (немесе Омбудсмен) соңғы жылдары қоғам үшін өзінің жоғары маңыздылығын көрсеткенін атап өткен жөн. Енді оның рөлі конституциялық деңгейде бекітілетін болады.

Келесілер қарастырылады:

-        Конституцияда өлім жазасына тыйым салынады;

-                 Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Конституция мен Конституциялық заң деңгейінде күшейтілетін болады. Қаңтардағы оқиғаларды тергеу кезеңінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл іс жүзінде алғашқы күннен бастап белсенді жұмысқа кірісті. Омбудсмен, беделді заңгерлер бастаған тәуелсіз қоғамдық комиссиялар прокуратура органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасап, өз ұстанымдарын ашық білдірді және қорғады. Нәтижесінде заңсыз үкімдердің тәуекелдерін едәуір төмендетуге қол жеткізілді.

-                 Омбудсменнің мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелсіздігі мен есеп бермейтіндігі, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеуі кепілдігі бекітілетін болады. Уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру Конституциялық заңмен реттеледі.

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

15-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫ

15-бап

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар

 

15-бап

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады.

 

24-БАПТЫҢ 1-ТАРМАҒЫ

24-бап

 

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

24-бап

 

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

55-БАПТЫҢ 3) ТАРМАҚШАСЫ

55-бап

 

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

55-бап

 

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

 

ЖАҢА 83-1-БАП

Болған жоқ.

83-1-бап

 

1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.

2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға есеп бермейді.

3. Қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін атқару мерзімі кезеңінде Сенаттың келісімінсіз тұтқындауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды.

4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен белгіленеді.


 

VII. Конституциялық Сот

Жолдауға сәйкес Конституциялық Сот құрылады.

Енді нормативтік-құқықтық актілер (бұл заңдар, нұсқаулықтар, ережелер болуы мүмкін) олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтындардың бәрі Конституциялық Сотқа жүгініп, қорғауға ие бола алады.

Сот НҚА-ның Конституцияға сәйкестігін немесе сәйкессіздігін таниды.

Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен бастап немесе ол белгілеген күннен бастап Конституцияға сәйкес емес деп танылған актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

Бұл біздің азаматтарымыз үшін жаңа мүмкіндік. Конституциялық Соттың мұндай моделі көптеген дамыған елдерде бар және ол заңның үстемдігін орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығына Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ие болады.

Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуымен жиі бетпе-бет келіп, нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені көтере алатын адамдар.

Сонымен қатар, Сот Конституциялық Кеңестің өзгертулерге дейін қараған мәселелерін қарастырады (бұл сайлау мен референдумдарды өткізудің дұрыстығы, белгілі бір жағдайларда Конституцияны түсіндіру және т.б.).

Соттың өзі Төрағаны қосқанда 11 судьядан тұрады. Төрт судьяны Президент тағайындайды, алты судьяны Парламент тағайындайды, Палатаның әрқайсысы үшеуден тағайындайды.

Сот Төрағасын Сенаттың келісімімен Президент, Төрағаның орынбасарын Сот Төрағасының ұсынуы бойынша судьялар арасынан Президент тағайындайды.

Конституциялық Кеңестен айырмашылығы, республиканың экс-президенттері Конституциялық Сотқа кірмейді.

Бұл саяси орган мәртебесіне ие болған Конституциялық Кеңеске қарағанда, Соттың конституциялық қадағалаудың жоғары органы болып саналатындығымен және өз қызметін конституциялық сот ісін жүргізу ережелеріне сәйкес жүзеге асыратындығымен байланысты.

 

71-БАП

71-бап

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады

2. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.

3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика Президенті, Конституциялық Кеңестің екі-екі мүшесінен тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.

Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады

 

4. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

5. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

6. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

71-бап

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты өкілеттігі алты жылға созылатын Төрағасын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады.

Бір адам қатарынан екі реттен артық Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындала алмайды.

2. Конституциялық Соттың Төрағасын Республиканың Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.

3. Конституциялық Соттың төрт судьясын Республика Президенті, Конституциялық Соттың үш судьясынан тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Республика Президенті тағайындайды.

4. Конституциялық Сот судьяларының қызметі депутаттық мандатпен; оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

 

5. Конституциялық Сот судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

6. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

72-БАП

72-бап

 

1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;

5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.

72-бап

 

1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша

1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;

5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.

2. Конституциялық Сот Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.

3. Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша Конституцияда бекітілген, олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.

Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңмен белгіленеді.

4. Конституциялық Сот Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша осы баптың 1-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.

5. Конституциялық Сот Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштері бойынша адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарын қатысты нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.

 

73-БАП

73-бап

 

1. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.

2. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады

3. Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

 

73-бап

 

1. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.

2. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады

3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады.

 

74-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫ

74-бап

2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

74-бап

2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап күші жойылады және қолданылуға жатпайды.


 

VIIІ. Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру

Келесілер қарастырылады:

·                 Бас прокуратура Әділет министрлігімен бірлесіп, аталған органның құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыру мәселелерін ашатын «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды әзірлейді;

·                 2023 жылғы қаңтардан бастап алқабилер сотының қарауына жататын істердің тізбесі кеңейтіледі. Бұл жұмыс жалғасатын болады, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санаты ұлғайтылатын болады.

·                 Судьялар қызметіне конкурстық рәсімдерден онлайн-трансляция жүргізу көзделуде.

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

23-баптың 2-тармағы

23-бап

2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс

23-бап

2. Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары және судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары және мүшелері, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.

42-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫ

42-бап

2.. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

42-бап

2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

VII БӨЛІМ

VII бөлім

Соттар және сот төрелігі

VII бөлім

Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

82-БАПТЫҢ 4 ЖӘНЕ 5 ТАРМАҚТАРЫ

82-бап

4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.

5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.

82-бап

4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті тағайындайды.

5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын жасақтау тәртібі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.

83-БАПТЫҢ 4-ТАРМАҒЫ

83-бап

4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді.

83-бап

4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

 

 

 


 

ІХ. Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту

Реформалар шеңберінде азаматтық қоғам институттарын дамытуға, БАҚ-ты ырықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, Ұлттық құрылтай алаңы – бұл еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық өкілдеріне орталық деңгейде елді дамыту мәселелерін кең ауқымда талқылауға қатысуға мүмкіндік беретін кең қоғамдық келісімнің жаңа институты. Сондай-ақ ҮЕҰ мен мемлекеттің байланыстарын нығайтуға бағытталған БАҚ туралы жаңа заң әзірленетін болады.

Келесілер қарастырылады:

-    бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту мәселелері бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жеке заң жобасын әзірлейтін болады. БАҚ саласында жаңа және қазіргі заманғы жүйені, сондай-ақ осы салада мемлекеттік реттеудің тиімді тетігін құру мақсатында заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта АҚДМ ұсыныстар жинайды және БАҚ саласындағы негізгі ҮЕҰ-мен келіссөздер жүргізілуде, олармен заңнаманы жетілдіру тетіктері туралы жалпы түсінік қалыптасады. Осы заң жобасында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму үрдісін ескере отырып, қолданыстағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңды қайта қарау көзделеді. Заң жобасын қабылдау 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған;

-    сарапшылар, ҮЕҰ, БАҚ қатысуымен барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды қоғамдық талқылау;

-    барлық коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық есептілігін, құрылтайшылар құрамын, мүлкін, кірістер мен шығыстар көздерін міндетті түрде жариялауды енгізу.

Х. Жерге иелік ету

Қазақстан Республикасының Конституциясында меншік құқығы туралы негізгі, іргелі ережелер бекітілген. Атап айтқанда, Конституцияның 6-бабының 3-тармағында жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде ғана екені көрсетілген. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерге жеке меншік құқығы мемлекеттік меншікпен бірдей танылады.

Қазіргі уақытта конституциялық түзетулер топтамасында жерге, оның жер қойнауына және байлығына меншік мәселесі көтерілді.

Ағымдағы жылғы 22 сәуірде Мемлекет басшысы тиісті түзету Конституцияның 6-бабының 3-тармағы мынадай редакциясында қабылданатынын мәлімдеді: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».

Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму болып табылатыны белгіленген. Сондықтан, Мемлекет басшысы ұсынған халықтың жерге меншігі туралы ереже Қазақстан халқының іргелі және конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

6-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҒЫ

6-бап

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін

 

6-бап

3. Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін

 


 

ХI. Тұңғыш Президент мәртебесі

Конституциядан Тұңғыш Президент туралы ережелер алып тасталады. Өзгерістер Конституцияның келесі баптарына қатысты:

-                 42-бапта Тұңғыш Президенттің Мемлекет басшысы лауазымына екі реттен артық сайлану мүмкіндігі алынып тасталды;

-                 46-бапта: «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен айқындалады» деген 4-тармақ алып тасталды;

-                 91-бапта Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның Негізін қалаушы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын анықтама алып тасталады.

 

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

42-баптың 5-тармағының екінші бөлігі

42-бап

5. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.

Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

42-бап

5. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.

 

 

46-баптың 4-тармағы

46-бап

4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.

 

46-бап

4. Алып тастау

 

91-баптың 2-тармағы

91-бап

2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және оның мәртебесі өзгермейді.

 

91-бап

2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері өзгермейді.

 


 

ІІІ. Екінші республика

Жолдаудың барлық тармақтары мен конституциялық реформаларды орындау барысында мемлекет өзінің институционалдық дамуының жаңа кезеңіне көшеді – Екінші Республика құрылады.

Бірінші республика – бұл 1991 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезең, тәуелсіздікке қол жеткізген және мемлекетті нығайтқан сәттен бастап 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына дейінгі сәт.

Бірінші Республиканың негізгі табыстары КСРО ыдырағаннан кейін егемен мемлекеттіліктің құрылуымен, халықаралық қоғамдастықтың мемлекеттік шекара мәселесін шешумен, нарықтық экономиканың құрылуымен, Қазақстанның халықаралық саясаттағы дербес ойыншы ретінде қалыптасуымен байланысты. Сонымен бірге, жылдам құбылмалы әлем және жаһандану процестері жағдайында Бірінші Республиканың саяси жүйесі құрылымдық тұрғыдан өзгеріп, қазіргі заманғы шынайылық пен заманның сын-қатерлеріне бейімделе алмады. Тоқырау құбылыстары, ең алдымен, қоғамдық келісімді қамтамасыз ете алмаған саяси салада көрініс бере бастады.

Екінші Республика елде мемлекеттік төңкеріс жасау және билікті басып алу әрекеті орын алған 2022 жылғы қаңтардан кейін басталған Қазақстанның жаңа тарихы кезеңін білдіреді. Қастандық жасаушылардың жеңілісі және азаматтардың егеменді мемлекеттіліктің елеулі ішкі, жаһандық және аймақтық сын-қатерлері аясында елдегі реформаларға деген сұранысы күн тәртібіне билікті жедел және жүйелі түрде жаңарту міндетін қойды. Президент Қ.К. Тоқаев елді ырықтандыру стратегиясын таңдады. Екінші Республика, ең алдымен, конституциялық жаңару екенін түсіну керек.

Екінші Республика – бұл «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының институционалдық көрінісі.


 

1-қосымша

 

 

Конституцияға енгізілетін осы өзгерістер және Мемлекет басшысының биылғы 16 наурыздағы Жолдауы реформалардың төрт топтамасының (негізі, бес) жалғасы болып табылады:

·                 Реформалардың бірінші топтамасы (2019 жылғы 20 желтоқсан – ҰҚСК екінші отырысы)

-                 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібін өзгерту, ұйымдастырушылардың, қатысушылардың, бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерінің аражігін ажырату.

-                 Саяси партиялар құру үшін тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету.

-                 Сайлау партиялық тізімдеріне әйелдер мен жастар үшін 30% квота енгізу.

-                 Парламенттік оппозиция институтын енгізу.

-                 ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабын қылмыстық сипаттан арылту және 174-бабын ізгілендіру.

-                 Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қылмыстық жазасын өтеген және құқық қорғау органдарының оң қорытындысы бар адамдарға қатысты қаржылық шектеулерді жеңілдету.

-                 Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін жүргізу.

·                 Реформалардың екінші топтамасы (2020 жылғы 1 қыркүйек, Президент Жолдауы)

-                 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау.

-                 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу.

-                 Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін арттыруға бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды әзірлеу.

-                 Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастамашылық етуі үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру.

-                 Азаптауларға қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру, оны Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қарсы конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіру.

-                 Адам құқықтарын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау, соның ішінде: азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдау; хабарламалар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылу.

-                 Құқық қорғау органдарының адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеу тәжірибесін жетілдіруі.

·             Реформалардың үшінші топтамасы (2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылымындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында)

-                 Парламент Мәжілісіне саяси партиялардың өту шегін сайлаушылар дауысының 7%-нан 5%-ына дейін төмендету.

-                 Барлық деңгейдегі сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу.

-                 Жастардың Даму индексін енгізу.

-                 Ауыл әкімдерінің сайлауын өткізгеннен кейін аудан әкімдерінің сайлануы енгізілетін болады.

-                 Онлайн-петиция институтын заңнамалық ресімдеу.

-                 Омбудсмен туралы заңды қабылдау.

-                 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратын нығайту (оның аймақтық өкілдіктерін құру).

-                 Қайырымдылық қызметті ынталандыру тетіктерін әзірлеу.

-                 Қоғамдық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру.

·                 Реформалардың төртінші топтамасы (Президент Жолдауы, 2021 жылғы қыркүйек)

-                 Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде партиялардың сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота туралы норманы заңнамалық бекіту.

-                 Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоса отырып, квота алатын азаматтар санаттарының тізімін кеңейту.

-                 Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетігін әзірлеу.

-                 Құқық қорғаушылардың құқықтарын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдау.

-                 ҚР Қылмыстық кодексіне азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге екінші Факультативтік Хаттаманың ережелерін енгізу.

·                 Мемлекет басшысының назарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері де бар. Олардың кейбіреулері қарастырылып отырған реформалар топтамасында көрініс тапқан. Бірқатар басқалары бойынша тиісті заңдар немесе заңға тәуелді актілер қабылданды немесе әзірленуде.

·                 Президенттің Жолдауының алдында биылғы 11 қаңтар мен 1 наурызда екі рет маңызды сөз сөйлеуінің аясында алдағы саяси реформалардың бағыты айқындалды.

-                 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен кең және сындарлы диалог негізінде дайындалған саяси реформалардың жаңа топтамасы ұсынылатынын мәлімдеді.

-                 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Nur Otan партиясының трансформациясы туралы жарияланды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив