KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар 1 әуе және 2 теміржол маршруттық желісі бар

30.09.2022, 10:01 199

Бүгінгі күні өңір бойынша 147 автомобиль, 1 әуе және 2 теміржол әлеуметтік-маңызды қатынастарының маршруттық желісі бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басышсының жолаушы көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Рахимбаева Айжан айтып берді.

Спикердің айтуынша, жыл сайын облыстық бюджет қаражаты есебінен халыққа тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға қаражат бөлінеді.

-       «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар маршруттардың тізбесі бекітілді, ол 76 қалалық (Өскемен, Алтай, Риддер қалалары), 32 қалааралық облысішілік, 39 ауданішілік маршруттардан тұрады. Аталмыш автокөлік қатынастарының жұмыс істеуі үшін 1 662,1 млн. теңге бөлінген, - деп атап өтті Айжан Дудубекқызы.

Ал, теміржол қатынастарының тізбесіне «Өскемен-1-Алтай», «Өскемен-1 – Риддер», «Өскемен-1 – Жалаңашкөл – Достық», «Семей – Жалаңашкөл – Достық» маршруттары енгізілген. Алайда, 2023 жылдан бастап «Өскемен-1 – Жалаңашкөл – Достық», «Семей – Жалаңашкөл – Достық» бағыттары ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ведомствосына және тиісінше Абай облысына өтпек.

-       «Өскемен - Зайсан», «Өскемен – Семей – Үржар» қатынастары ұйымдастырылған. Бірақ 2021 жылдан бері Үржар ауылы әуежайының қайта жөнделуіне байланысты «Өскемен – Семей – Үржар» қатынастары тоқтатылған болатын. 2022 жылы 343,0 млн.теңге бөлініп, әуе көлігімен 8 айда 5,7 мың жолаушы тасымалданды, 150 рейс орындалды, - дейді Рахимбаева Айжан.

Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды Өскемен, Алтай, Зайсан қалаларында тегін жол жүруді ұйымдастыру үшін 140,5 млн. теңге бөлінген. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив