Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Шығысқазақстандықтар Ішкі істер министріне өз сауалдарын жолдай алады

29.09.2022, 20:42 4 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде ҚР Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының ШҚО тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.

Осы ретте Ішкі істер министрлігі Марат Ахметжановқа өз сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдауға болатынын хабарлады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7232) 23-42-11, 23-43-09 телефондары арқылы және келесі eastkazpolice@mail.kz электронды мекенжайына жіберуге болады.

Есеп беру кездесуі офлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы ҚР ІІМ-нің Instagram-дағы ресми аккаунтында (https://instagram.com/qriim_mvdrk?igshid=YmMyMTA2M2Y= ) , сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/eastkazpolice) тікелей эфирде жүргізіледі.

Кездесу өтетін орын: «Ертіс Концерт» ОМҮ (Протозанов көшесі, 43).

Күні мен уақыты: 30 қыркүйек, сағат 14.00-де.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив