Өскемен
+1°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Жол құрылысы жұмыстарында пайдаланылатын битумдардың сапасы тексерілуде

3.05.2022, 17:41 84 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда жол құрылысы жұмыстарында пайдаланылатын битумдардың сапасы тексерілуде. Жұмыстар ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша орындалып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көзделген негізгі мақсат — құрылыс нысандарын, автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу жұмыстарын сапалы битуммен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапасыз өнімді пайдалану фактілерінің алдын алу.

Зерттеу жұмыстары ҚР СТ 1373-2013 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі таңда ҚазжолҒЗИ зертханаларында "ПМХЗ" ЖШС және "Қазақбитум" ЖШС сынды өндірушілер жасап шығарған битумдардың 8 сынамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Битумдар өндіруші зауыттардың талаптарына сәйкес зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша зауыттардың битумдары мәлімделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Айта кетерлігі, битум сынамалары "өндіруші зауыттардан", сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу объектілерінен алынған.

Сапасыз битумды пайдаланудың алдын алу мақсатында тауар сапасына жасалатын мониторинг жалғасатын болады. Мониторинг нәтижелері еліміздің түрлі жол-климаттық аймақтарында битумның әртүрлі маркаларын қолдану саласын белгілеу үшін пайдаланылады деп жоспарлануда.

 WhatsApp Image 2022-05-03 at 10.11.24.jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив