Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

Ұн 4 пайызға қымбаттады

29.09.2022, 10:45 12 0 Оразай Жеңісұлы

Тамызда ұн 4 пайызға, ал жылдық есепте бірден 41 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі нарықта ұн сатылымы 21 пайызға төмендеп, экспорт 25 пайызға өскен.

Дәнді дақылдар мен өсімдік ұнынан жасалған ұн, сондай–ақ, ұсақ тартылған қоспалар өндірісі биыл қаңтар мен тамыз аралығында 2 миллион тонна болған. Бұл былтырмен салыстырғанда, 0,5 пайызға аз. Ал одан бір жыл бұрын өндіріс көлемі 3,8 пайызға төмендеген.

Секторда шығарылған өнімнің 1,9 миллион тоннадан астамы бидай немесе суржик ұнына, 138,9 мың тоннасы нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспаға, 7,4 мың тоннасы ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұнына кеткен.

Биыл қаңтар мен шілде аралығында отандық компаниялар дәнді дақылдардан ұсақ тартылған ұнға сұранысты 98,9 пайызға, былтыр 99,6 пайызға қарсы қамтамасыз еткен. Бұл бір жылда 1,2 пайызға қысқарған, ал импорт 2,5 есе, бірақ тек 18,8 мың тоннаға дейін өскен.

Экспорт 2022 жылғы қаңтар мен шілде аралығында 935,3 мың тонна болып, 24,9 пайызға артқан, ал ішкі нарықта сатылым көлемі 20,5 пайызға, 757,5 мың тоннаға дейін қысқарған.

2022 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша, ұн бағасы бір айда 4,3 пайызға өскен, бұл - 2011 жылдан бастап ұнның айлық деңгейде қымбаттауының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап рекорд көрсеткіш биылғы сәуір мен мамырда тіркелген, яғни 7,5 пайыз және 6,8 пайыз болған.

2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін ұн бағасының орташа айлық өсімі 0,8 пайыз болған. Биыл қаңтар мен тамыз аралығында ұн айына орта есеппен 4 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында 2022 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша ұн бағасының ең жоғары айлық өсімі Павлодар (12,8 пайызға), Жетісу (12,4 пайызға) және Батыс Қазақстан (11,9 пайызға) облыстарында байқалған. Ұн Ақмола (0,3 пайызға), Ақтөбе (0,6 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (0,8 пайызға) облыстарында айтарлықтай қымбаттамаған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив