KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Саяси тұғырнама жобасы талқыланды – Өскемен

28.09.2022, 16:39 173

«AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының «Онкоцентр» бастауыш партия ұйымы Саяси тұғырнама жобасын талқылады.

– «AMANAT» – қоғам мен мемлекет игілігі үшін барлық жауапкершілікті өз мойынына алып, жұмыс істеп келе жатқан партия. Сондықтан мемлекеттің, ұлттың келешегі мен қауіпсіздігі үшін өзінің Саяси Тұғырнамасы жобасын әзірлеп, қоғам талқысына салып отыр, – деді бастауыш ұйым төрағасы Анна Кухарева.

Жиынға қатысушылар саяси құжаттың әрбір бағытының маңыздылығына тоқталды.

– Біз қарапайым медицина саласының қызметкерлеріміз. Дей тұрғанмен партияның жаңа Саяси тұғырнамасындағы басымдықтар заман талабына сай жасалғанын бірден байқап отырмыз. Партия мүшесі ретінде бұл бағыттағы бастамаларды қолдауға дайынбыз, – дейді онколог-дәрігер Бекзат Мукадиева.

Саяси тұғырнама жобасын талқыланғаннан кейін «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының ХХІХ кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив