Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, С
444.85 477.19 5.42

Жұмыс берушілер «Электронды Еңбек Биржасы» порталында тіркеуден өтуге тиіс

27.04.2022, 17:44 178 0 Мадина Амангелдіқызы

   «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 28 бабы 2 тармағына сәйкес жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемелекеттік интернет-ресурсы арқылы жіберуге міндетті.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне енгізілген түзетулермен (ТП. 27) 23-баптың 2-тармағы) жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, оның ішінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат енгізу жөніндегі міндеті көзделген.

Жұмыс беруші меншік түріне қарамастан штат санының, бос жұмыс орындарының бар болуы немесе жоқтығы туралы «Электронды Еңбек Биржасы» www.enbek.kz интернет порталында тіркеуден өтуге міндетті.

Заңнама талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 98-бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мамандар жұмыспен қамту орталығының Instagram парақшасында қаланың жұмыс берушілері үшін «Электрондық Еңбек Биржасы» интернет-порталында жұмыс істеу, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы түсіндіру бойынша оқыту семинарларын өткізеді.

Анықтама телефоны: 70-06-69, 70-06-68, 8-777-8535-666, 8-776-463-72-72.

 

 

178
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив