KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2,5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Спорт саласында серпін бар – Риддер

3.10.2022, 11:08 144

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен Риддер қаласында тұрақты түрде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл қаладағы спорт ғимараттарының желісі 73 нысаннан тұрады. Айталық «Сокол» стадионы, спорт модулі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 жүзу бассейні, 17 спорт залы, ашық спорт алаңдары желісі.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «қысқы спорт түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» филиалы, республикалық спорт мектеп-интернаты және олимпиада резервінің колледжі жұмыс істеп тұр.

Жастар үшін 14 «Street-workout»спорт алаңдары орнатылған.

– 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3-ші және 4-ші шағын аудандарда футбол-хоккей алаңдары орнатылды. Биыл Ботаника шағын ауданында шағын футбол алаңы орнатылды. Скейт-алаңдар 7-ші аудандағы скверде және мәдениет сарайының артындағы скверде орнатылған. Қыс мезгілінде қаланың барлық 15 мектебінде хоккей қораптары жұмыс істейді, – деді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Риддер қаласында бірегей туристік нысан салынатынын хабарладық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив