KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Катонқарағайда тағы да барыс "тұзаққа" ілікті

26.10.2022, 17:06 243

Катонқарағайда барыс фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл оқиға көктемде болған. Алайда Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері фотосуретті халықаралық қар барысы күніне орай (23 қазан) жариялауды жөн көріпті.

Естеріңізде болса, Қызыл кітапқа енген тау тағысы Катонқарағай аумағында бұған дейін бірнеше рет фототұзаққа іліккен.

– Барыс біздің елімізден бөлек Қытайда, Моңғолияда, Үндістанда, Непалда, Қырғызстанда, Пәкістанда, Тәжікстанда, Ресейде, Ауғанстанда, Бутанда және Өзбекстанда кездеседі. Жер бетіндегі барыстардың саны 4-6 мың аралығында ғана, – дейді ұлттық парктің қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив