KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Риддерде бірегей туристік нысан салынады

2.10.2022, 09:30 130

Риддер келесі жылы тау шаңғысы кешенінің құрылысы басталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ірі нысан теңіз деңгейінен 1860 метр биіктіктегі жазықта орналасады. Жыл аяғына дейін жоспарлау жұмыстары егжей-тегжейлі пысықталып, бекітіледі. Жобалық-сметалық құжаттама 2023 жылы әзірленеді.

– Егжей-тегжейлі жоспарлау жұмысы инфрақұрылымға қатысты жағдайды ашып көрсетеді. Дәл қазір біз көздеп отырған аймақта жол да, электр желілері де жоқ. Жалпы бұл курорт Азиядағы ірі туристік нысанның бірі болмақ. Сондықтан жоғары дайындық керек. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады деп топшылап отырмыз. Тиісті қаражаттың бір бөлігі облыс бюджетінен, екінші бөлігі инвесторлар тарапынан болады, – деді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Курортта әуесқойларға және кәсіби спортшыларға арналған екі түрлі тау шаңғысы базасы болады деп жоспарланған. Сондай-ақ, қала әкімінің айтуынша, таяу және алыс шетелдерден келетін туристерді қабылдауға да мүмкіндік болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив