Ертең Өскеменде бірқатар шектеу шаралары енгізіледі

22 сәуірде Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқу - жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталады.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырады.
Сонымен қатар оқыңыз