KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 6 м/с, З
445.66 474.58 4.78

«Ауыл хикаялары» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті – ШҚО

27.09.2022, 16:20 294

Бүгін облыс орталығында «Оралхан Бөкей атындағы «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» атты республикалық деңгейдегі тұңғыш әдеби байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жазушының шығармасымен аталған республикалық байқау О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада өтті.

Бағалау барысында еліміздің  әр аймақтарынан ұсынылған 30 шығарма  қаралған. Салтанатты шараның бүгінгі күнге қойылыуының да өзіндік мәні бар екенін айта кету керек. Яғни, алғашқы әдеби сайыс қорытындысы жазушының туған күні (28 қыркүйек) қарсаңында  шығарылып отыр.

-        Бұл байқау классик жазушы О.Бөкейдің шығармашылығына қызығушылық танытқан әр өңір таланттарының басын қосып отырған маңызды шара.  Әдебиет – әлемді біріктіретін алтын көпір. Әдебиет – жақсылыққа жетелейтін рухани байлық. Оралхан Бөкейдің шығармалары қашанда құнды болып қала бермек. Ал, осындай асыл мұраны жас ұрпаққа жеткізе білу біздің басты міндетіміз деп ойлаймын, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Байқау нәтижесі бойынша, ынталандыру сыйлығына Павлодар облысы. Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының қызметкері Алпысбай  Хонж, Астана қаласында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Абай Аймағамбет, Астана қаласынан Елубайұлы  Ғалымбек және Астана қаласының № 72 мектеп-лицейінің оқушысы, 14 жастағы Акпар Разия ие болып, барлығы Өскемен қаласы әкімнің дипломы және  сертификатымен марапатталды.

615ab6c7-4fd7-4e68-a439-3df0ac1972f8.jpg

-        О.Бөкей өз шығармашылығын табиғатпен байланыстырды. Менде әрбір ертегі-әңгімемде жаратылыстың тылсым құпияларына үңілемін. Әр құбылыстан өнеге іздеймін және оны өз шығармам арқылы жеткіземін. Осы байқауға жіберген «Ақшақар арман» ертесіде дәл сондай. Мені жеңімпаздар арасына қосып, мені ынталандырып, болашағымнан үлкен үміт күтіп отырғандарға үлкен рахмет, - дейді сайыстың ең жас қатысушысы Акпар Разия.

a9d1050e-de05-4e5d-854a-b3616b0f617f.jpg

Ал, республикалық байқауда қатарластарынан оқ бойы озық шыққандар қатарында өскемендік Сәрсембаев Ақиқат (3 орын), Ақтөбе облысы, Байғанин аудандық  білім бөлімінің әдіскері Бақыт Жалиева 2-орынға жайғасса, Абай облысында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкері Қуат Қиықбай 1-орынды қанжығасына байлады.

-        Бұл менің алғашқы жеңісім. Негізінен шығармашылықпен тек өзім үшін айналысатын едім. Осы уақытқа дейін кең көлемде ешкімге оқытып, жазған дүниелерімді ешқайда таратпайтынмын. Шығармаларыма ғұмыр сыйлап, болашағым бар екенін көрсеткен, маған үлкен мүмкіндіктер сыйлаған осы байқау ұйымдастырушыларына алғысым шексіз, - дейді арнайы Ақтөбе облысынан келген Бақыт Жалиева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив