Өскемен
-3°
пасмурно ветер 1,5 м/с, В
459.06 503.77 5.16

Қала әкімдігі тұрғындарға сенбілік өткізуге көмектеседі - Өскемен

19.04.2022, 12:50 112 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде жалпықалалық сенбілік шаралары жалғасуда. Сенбілікке қатысушылардың қатары артып келеді. Әсіресе университеттер мен колледж студенттерінің талпынысы ерекше, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы ретте қала әкімі Жақсылық Омар С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, техникалық-гуманитарлық және медициналық колледждердің студенттеріне, қалалық кәсіпорындардың ұжымдарына алғыс бідіріп отыр.

Сенбілік кезінде аула аумақтары да белсенді тазартылып жатыр. Тұрғындарға жиналған қоқыстарды шығаруда әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі.


- Біз сенбілік кезінде жиналған қоқысты шығаруға техника береміз. Тазалау жұмыстарын ұйымдастырушылар АБО-ның өз филиалына хабарласып, қоқыс шығаратын уақытты келісе алады. Біз тұрғындарды белгіленген уақытта шығып, өз аулаларында жиналған қоқысты тиеу жұмыстарына қатысуға шақырамыз. Себебі бұл жұмыс коммуналдық қызметтердің күшімен ғана атқарылса, көп уақыт жұмсалады және техниканың тиімділігі төмендейді, -дейді шаһар басшысы.
112
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив