KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Өскемен: бейімдеу орталығынан қашқан бала табылды

27.09.2022, 09:55 142

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері бейімдеу орталығынан қашып кеткен баланы іздеп тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл оқиға 26 қыркүйекте болған. Полицияға кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары хабар берді. 13 жастағы жеткіншек сағат 15:20 шамасында орталықтан шығып кеткен.

«Тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісті. Ұйымдастырылған жедел-шаралар нәтиже берді. Жасөспірім Аблакетка ауданында азық-түлік дүкенінің жанынан табылды. Денсаулығына ешқандай зиян келмеген, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив