Қазақстанда этникалық қазақтарға бизнес жүргізу үшін жаңа виза беріледі

Этникалық қазақтар Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жеңілдетілген тәртіпте виза ала алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, шетелде тұратын, сол жерде кәсіппен айналысып жүрген этникалық қазақтар да бар және олар Отанымен тарихи байланысты сақтағысы келеді.
Сондықтан әлемдік тәжірибеге сүйеніп, біз "қазақ картасын" пайдалануды қолға алғымыз келеді. Шетелде тұрғысы келетін, бірақ бізбен бірге кәсіп ашып, Қазақстанның дамуына үлес қосқысы келетін этникалық қазақтарға елімізге келуге толық мүмкіндік беріледі, - деді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова
Министрдің айтуынша, виза жеңілдетілген тәртіпте және 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен беріледі.
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан азаматтығын алу тәртібі жеңілдейдіҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Тамара Дүйсенова тағайындалдыТамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалдыҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов қызметінен босатылдыЖыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды