KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
447.4 477.55 4.76

Республика күніне орай полиция қызметкерлері марапатталды – ШҚО

26.10.2022, 15:51 279

ШҚО  Полиция департаментінің мәжіліс залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шараның ашылу салтанатында ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков жиналғандарды құттықтап, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақыт, береке-бірлік тіледі.

-        Республика күніне орай қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың бұйрығымен ШҚО ПД-ның төрт қызметкеріне мерзімінен бұрын арнайы шендері, сондай – ақ атқаратын штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені берілді, тағы 2 қызметкер ведомстволық награда - "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен барлығы 15 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, ШҚО ПД-ның 47 қызметкері ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі С.Т. Жүнісбековтың бұйрығымен алғыс хаттармен және граматолармен марапатталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив