KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Шығыс өңірінде астық жинау науқанының қарқыны жоғары

26.09.2022, 15:12 168

Шығыс өңірінде астық жинау науқанының қарқыны жоғары. Күзгі мизам-шуақ диқандардың жұмысына оң әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құрғақшылық пен тамыз-қыркүйек айларында жаңбырдың болмауы көңілді күпті еткені жасырын емес. Оның үстіне ел көлемінде өрт қаупі өршіп тұрды. Алайда дақылдардың пісіп жетілуіне, астықты уақтылы жинауға және өңдеуге қолайлы жағдайлар да жоқ емес.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл Шығыс Қазақстанда егіс алқаптарына 640 мың гектарға жуық жер бөлінген. Бұл өткен аграрлық маусымға қарағанда шамамен 24 мың гектарға артық. Сондай-ақ өңірдегі шаруашылықтарда 2074 комбайн бар. Оның 355-і өнімділігі жоғары заманауи машиналар. Әрбір комбайнға орташа маусымдық жүктеме 350 гектардан аспайды.

Қазір көптеген фермалар мен шаруа қожалықтары трактор паркін жаңартты. Өйткені күзгі жаңбыр күшейгенде бұл техниканың пайдасы көл-көсір. Жалпы өнімділігі жоғары әрі жаңа жабдықтар астықты сапалы, жылдам бастыруға септігін тигізеді, оған қоса шығындарды барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

Мәселен жақында Катонқарағай ауданының Кіші Нарым ауылындағы «Жас Қанат» шаруа қожалығы шетелден комбайн алды. Тәжірибелі әрі беделді аграршы Анатолий Матасов бастаған ұжым қол еңбегін алмастыратын жаңа технологияларды енгізіп, техникаларды сатып алған сайын ірі жетістікке қол жеткізіп келеді.

Жалпы соңғы уақытта ауыл шаруашылығына қаытсты осындай жағымды жаңалықтарды баспасөз беттерінен жиі ұшырастыруға болады. Сондай-ақ мәслихат сессиясындағы есебінде облыс әкімі де аграрлық тақырыпқа көп тоқталды.

Шығатын түйін біреу – құрғақшылықтың «құрығына» ілікпеу. Әсіресе Зайсан ауданының оңтүстігіндегі ауылдарда суару жобаларын іске асыру қажет. Облыс басшылығының пікірінше, бұл үшін тиісті қаражат бөлінуі тиіс. Оңтүстік аймақтардың географиясы мен қашықтығын, логистикалық шығындарды, климаттың ерекшеліктерін және басқа да көптеген маңызды факторларды ескеру қажет.

Қалай болғанда да, зайсандық мамандарының айтуынша, дәл осы тұрғыда ауданның ірі әлеуеті бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив