Өскемен
-17°
туман ветер 3 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Бюджеттік қызметкерлерге «Қазақстан халқына» қорынан 90 000 теңге төленеді деген ақпарат рас па?

26.09.2022, 14:57 3 0 Мадина Амангелдіқызы

Желіде «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына тиесілі сайт пайда болды. Онда дәрігерлерге, ғылыми қызметкерлер мен мұғалімдерге төленетін әлеуметтік төлемдер туралы хабарландыру жарияланған. 90 000 теңге алу үшін сайтта жеке мәліметтерді қалдыру керек деген ақпарат таралып жүр. Алайда Stopfake.kzсайты бұл – алаяқтардың ісі екенін анықтап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы жағдайға қатысты қордың ресми сайтында алаяқтар туралы ескерту жарияланыпты:

 

«Қазақстан халқына» қоры бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер тағайындамайды. Жеке мәліметтерді алаяқтарға бермеуіңізді сұраймыз. Бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның мақсаты – жеке мәліметтерді иемдену үшін пайдаланушылардың құпия деректеріне қол жеткізу. Тіркелмеңіз және жеке мәліметтерді жазбаңыз! «Қазақстан халқына» ҚҚ бұл әрекеттердің салдары үшін жауап бермейді», – делінген хабарламада.


Бюджет қызметкерлеріне төленетін төлемдер туралы жазылған сайттың доменіне назар аударған да жөн - com. Демек, портал қазақстандық домендік аймақтан тыс орналасқан. Қордың ресми сайтының домені: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru.

Сонымен қатар, жалған платформада қор туралы ақпарат та, жаңалықтар, қор бағдарламалары, өтінім беру жөніндегі нұсқаулық және ұйымның қызметіне тікелей қатысы бар басқа да ақпарат ұсынылған бөлімдер туралы ешқандай ақпарат жоқ.


«Қорыта айтқанда, бюджет қызметкерлеріне 90 000 теңге мөлшерінде төленетін төлемдер туралы ақпарат – фейк, ал «Қазақстан халқына» қорының платформасы ретінде ұсынылған сайт жалған ,- деп жазады Stopfake.kz.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив