Өскемен
-29°
плотный туман ветер 1 м/с, В
468.9 485.64 7.7

COVID-19 қарсы вакциналарға қатысты жалған ақпарат тарады

26.09.2022, 14:49 16 0 Мадина Амангелдіқызы

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналар балалар мен жастарда, ересектерде Паркинсон және Альцгеймер сияқты нейродегенеративті ауруларының дамуына ықпал ететіні туралы видео таралып жатыр. Бұл туралы Массачусетс технологиялық университетінің ғалымдары ескерткен. Алайда Stopfake.kz сайты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Вакциналар мидың жұмысына теріс әсер етеді деп алғаш рет Стефани Сенеф мәлімдеді. Ол Массачусетс технологиялық университетінің аға ғылыми қызметкері және информатика мен жасанды интеллектті зерттеумен айналысады. Университет сайтында жазылғандай, соңғы жылдары Сенеф биологияға қызығушылық танытып, дұрыс тамақтану туралы бірнеше еңбегін жариялаған.

Сондай-ақ ол басқа ғалымдардың тұжырымдарына қайшы келетін негізсіз мәлімдемелер таратып, COVID-19 қарсы вакциналар өлімге әкелетін әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін деп айтқан. Оның бұл мәлімдемелері жоққа шығарылды.

Вакцинацияланған балаларда Альцгеймер немесе басқа да осындай аурулар пайда болуы мүмкін деген пікірлер негізсіз. Оларды USA Today порталы жоққа шығарған.

Жарияланған мақалада педиатрия профессоры Шон О ‘ Лиридің сөздері келтірілген.

«Бұл ақпаратта шындық жоқ. Бұл мәлімдемеде вакцинацияға қарсы үгіт-насихат пен жалған ақпаратқа тән белгілер бар», – деді ол.

Сондай-ақ материалда Флорида университетінде жұмыс істейтін Педиатрия және эпидемиология профессоры Соня Расмуссеннің сөздері келтірілген.

Ол өз тәжірибесінде вакциналар балалар мен жасөспірімдерде нейродегенеративті ауруларды тудыратын жағдайлар болмағанын хабарлады.

Мұндай жағдайлар туралы АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) дайындаған балаларға арналған вакциналардың қауіпсіздігі туралы есептерде де ештеңе айтылмаған.

Нейродегенеративті аурулар кез-келген дәрі-дәрмектің немесе вакцинаның жанама әсері емес. Олар әдетте егде жастағы адамдарда дамиды, жүйке жүйесі біртіндеп атрофияға ұшырайды. Сондай-ақ ауыр инфекциядан кейін де дамуы мүмкін. Бұл инфекциялардың қатарына COVID-19 да жатады.


«Айта кетейік, COVID-19 қарсы вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтіп, олардың қауіпсіздігі дәлелденді. Олар бес жастан асқан балаларға қолдануға мақұлданған.Демек, балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау нейродегенеративті ауруларды тудырады деген ақпарат дәлелсіз», - деп жазады Stopfake.kz.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив